«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2022 жылғы 11 мамырда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Қаржы басқармасының басшысы Жүсіпова Алма Әутенқызы және оның қызметкерлері қатысты. Арнайы қонақ ретінде Қаржы басқармасының бұрынғы басшысы, ал қазіргі уақытта «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ҚФ директорының орынбасары Сәуле Төленқызы Аймұхамбетова шақырылды.

Сәуле Төленқызы қаржы жүйесінде көпжылдық және мінсіз жұмыс өтілі бар құрметті мемлекеттік қызметші ретінде өзінің тәжірибесімен бөлісті және  әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сыбайлас жемқорлықты ескерту үшін қандай шаралар қолданылатынын айтып өтті. Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың қандай шаралары қазіргі уақытта ең тиімді екені айтылды. Аталған дөңгелек үстел Қаржы басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайту шеңберінде ұйымдастырылды.