2022 жылғы 30 наурызында облыстық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

2022 жылғы 30 наурызында  облыстық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

 

ХАБАРЛАМА

                                                       өткізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді өткізеді.

Тендер – 2022 жылғы 30 наурызда, сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді.

Облыстық коммуналдық меншік объектісін беру «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

ТЕНДЕР

Обьектілердің сипаттамасы

        1,2-қосымшаларға келісті Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Мариям Хакімжанова атындағы ауылдық округі, Басбек ауылы, «Санаторий «Колос» ЖШС демалыс базасы,  2-ғимарат мекенжайы  бойынша орналасқан жабдықтары бар ғимараттар мен құрылыстар кешені, кадастрлық нөмірі 12-178-027-074, жалпы алаңы 9821,5 шаршы метр, 6,8083 гектар бөлінетін жер учаскесінде, баланс ұстаушы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің «Болашақ» балалар сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Обьектілердің жағдайы: қанағаттанарлық.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна 14909028 (он төрт миллион тоғыз жүз тоғыз мың жиырма сегіз ) теңгені құрайды.

 

Тендер шарттары мен талаптары

  1. Объектіні сенімгерлік басқару кезінде жыл сайын кемінде 5 ауысым ұйымдастырумен жазғы демалыс уақытында балаларды сауықтыру саласында қызметтер көрсету;
  2. Сенімгерлік басқарушы объектіні сенімгерлік басқару кезеңінде балаларды сауықтыру саласында қызметтер көрсету үшін пайдаланылмайтын уақытта облыстық семинарлар, әскери - патриоттық слеттер, туристік және спорттық іс-шаралар, педагогикалық слеттер (нұсқаулық жиындар), жиындар, балалардың бос уақыты бойынша қызметтер, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер үшін демалыс күні лагерін өткізу үшін Объектіні ұсынуға құқылы;
  3. Объектінің сақталуын, Объектіні ұстауды қамтамасыз ету және оның материалдық-техникалық базасын нығайту;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 бұйрығымен бекітілген "Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  5. Өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарының, қауіпсіздік техникасының және Объектінің терроризмге қарсы қорғалу жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету;
  6. Табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу (орман өрттеріне, заңсыз ағаш кесуге, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу бойынша);

7.Қажет болған жағдайда Объектіге ағымдағы жөндеу жүргізу;

  1. Объект аумағын жыл сайын абаттандыруды жүргізу;
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабында көзделген шектеулер негізінде кәмелетке толмаған балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдарды жібермеу;

10.Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару мерзімі -5 жыл       

11. Қатысушыларға талаптар белгіленген жоқ.

Сыйақының көлемі

  1. Сенімгерлік басқарушыдан сыйақының шекті көлемін  50 % көлемінде белгілеу.

Шығындарды өтеу

           Олармен сенімгер басқаруды жүзеге асыру кезіңде сенімгер басқарушының қажетті шығындарын өтеу сенілген мүлікті пайдаланудан кірістер есебінен жүргізіледі.

 

Жеңімпазды анықтау критерийлері

Сыйақының ең төменгі (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан таза табысына пайыздық арақатынасында), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шектелген көлемінен аспайтын көлемін ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тендер қатысушыларының сыйақы көлемі бірдей  (тең) болған жағдайда бұрын өтінімді тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың шотына тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде кепілдік жарнаның түспеуі және/немесе мемлекеттік кіпістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту және(немесе) төлемдерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер және салық берешегі бойынша берешек туралы мәліметтер тізілімнің веб-порталымен қатысушының өтінімдерін ауытқу үшін негіздемелері болып табылады.

 

Тендерді өткізу тәртібі

Тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында төмендегілерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте есеп айырысу шоттарының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

        Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерту кезінде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

       Тендер қатысушыларын хабарламаны жариялау күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған нысаны бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

      Тендер шарттарымен келісімі бар, өтінімге қоса беріліп отыр:

  • Тендер қатысушысы қол қойған, арнайы өткізілген тізілімнің веб-порталында электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс.

Егер объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, құрылтайшы онымен өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен шарт жасай алады.

Жеңімпаздың және құрылтайшының міндеттемелерін, тендер талаптарында шарттарды жасауды және жеңімпаздың ұсыныстарын белгілейтін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға құрылтайшы және жеңімпаз тендерді өткізу күні қол қояды.

     Тендерге  қатысу үшін кепілдік жарна келесі шотқа енгізіледі:

     Кепілдік жарнаны алушысы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455; Есептеу шоты (IBAN/ИИК) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ: KZ946017111000000330;   БСН: 050540004455. БИК: HSBKKZKX;  КНП: 171; Кбе: 16.

     Тендерқатысушыларын тіркеу хабарламаны жариялаған күнінен бастап жүргізіледі және тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде аяқталады.

     Тендер Нұр-Сұлтан қаласының сағаты бойынша сағат 10:00-ден 13-00-ге дейін өткізіледі және тендер өткізген күні аяқталады.

     Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы 87142575610 және www.oblfin.kostanay.gov.kz  сайтында алуға болады.

     Техникалық қолдау телефоны 8(7142)501887