Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы

Қостанай облысының аймақтық коммуникация қызметінде  2021 жылғы 8 желтоқсанда «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысы А.Ә. Жүсіпова «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы» тақырыбы бойынша брифингке қатысты.

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау облыс бойынша жоспарланған мерзімдерге сәйкес өткізілетіні туралы өзінің сөйлеген сөзінде А.Ә. Жүсіпова хабарлады.

Жекешелендірудің кешенді жоспарына облыс бойынша 40 объектіден 2021 жылы коммуналдық меншіктің 17 объектісі және  «Тобыл» ӘКК» АҚ 4 активі бәсекелес ортаға беруге жатады.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz Жекешелендірудің кешенді жоспарының объектілері туралы барлық мәліметтер орналастырылды, сондай-ақ осы объектілерді сату бойынша сауда-саттық жүргізіліп жатыр.