2022 жылғы 12 қаңтарында облыстық коммуналдық меншіктегі объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

2022 жылғы 12 қаңтарында  облыстық коммуналдық меншіктегі объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

 

Тендер  өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді өткізеді.

Тендер –  2022 жылғы 12 қаңтарда, сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді.

Облыстық коммуналдық меншік объектісін беру "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

ТЕНДЕР

Объектінің сипаттамасы

Баланс ұстаушысы – Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 124Б мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,6638 гектар бөлінетін жер учаскесінде орналасқан, кадастрлық нөмірі – 12:193:009:934, нысаналы    мақсаты – әлеуметтік аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін, 2005 жылы салынған, жалпы алаңы 4467,8 шаршы метр жабдықтарымен бірге аквапарк (бассейн) ғимараты.

Алғашқы  баға 360 013 030 теңге.

Бастапқы баға 180 006 515 теңге.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна 54 001 955 теңгені құрайды.

Назар аударыңыз! 1) Сату бағасы сенімгерлік басқару мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің   базалық мөлшерлемелеріне сәйкес индекс-теуге жатады.

2) Объектіні сатқан кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.

Тендер шарттары 

1)  Объектінің спорттық-сауықтыру қызметін сақтауға;

2) ғимаратта жөндеу жүргізу: соның ішінде сенімгерлік басқару мерзімі ішінде вентиляцияны жөндеу, жабыны жөндеу, сумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеу, объектінің ішкі электр сымдар жүйесін жөндеу;

3) күн сайын балалар-жасөспірім мектептерінің тәрбиеленушілерінің оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізу үшін бассейнді сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін ұсыну.

4)  ғимаратты  және жабдықтарды өз қаржысымен ұстау (сонын ішінде коммуналдық, эксплуатациялық қызметтерді төлеу және т.б.).

5) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру мерзімі – 2 жыл;

 Сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезіңде сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу  көзделмейді.

 

Жеңімпазды анықтау критерийлері

Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тендер қатысушыларының сыйақы көлемі бірдей  (тең) болған жағдайда бұрын өтінімді тіркеген қатысушы же-ңімпаз болып танылады.

Тендерді өткізу тәртібі

            Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін екінші сауда-саттыққа шығарған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендетіледі.

      Егер тендерге жіберілген қатысушылардың саны екіден кем болса тендер өткізілмеді деп жарияланады, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі жалғыз қатысушыға сенімгерлік басқаруға үшінші сауда-саттықта берілуі мүмкін.

Тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында төмендегілерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәй-кестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте есеп айырысу шоттарының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерту кезінде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендер қатысушыларын хабарламаны жариялау күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған нысаны бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

Тендер шарттарымен келісімі бар, өтінімге қоса беріледі:

– Тендер қатысушысы қол қойған, арнайы өткізілген тізілімнің веб-порталында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысы.

Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың шотына тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде кепілдік жарнаның түспеуі және/немесе мемлекеттік кіпістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту және(немесе) төлемдерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер және салық берешегі бойынша берешек туралы мәліметтер тізілімнің веб-порталымен қатысушының өтінімдерін ауытқу үшін негіздемелері болып табылады. 

Жеңімпаздың және құрылтайшының міндеттемелерін, тендер талаптарында шарттарды жасауды және жеңімпаздың ұсыныстарын белгілейтін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға құрылтайшы және жеңімпаз тендерді өткізу күні қол қояды.

 Шартқа тізілімнің веб-порталында құрылтайшының басшысы  немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға және жеңім-паз ЭЦҚ  пайдалана отырып, тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде қол қойылады.

Тендерге  қатысу үшін кепілдік жарна келесі шотқа енгізіледі:

Кепілдік жарнаны алушысы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ, БСН 050540004455; Есептеу шоты (IBAN/ИИК) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ: KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX;  КНП: 171; Кбе: 16.

Кепілдік жарнаны құрылтайшы мынадай жағдайларда қайтармайды:

жеңімпаздың тендердің қорытындылары туралы хаттамаға немесе келісімге қол қоймауы;

объектіні жеңімпазға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру;

сенімгерлік басқарушы объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайда.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабарламаны жариялаған күнінен бастап жүргізіледі және тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер Нұр-Сұлтан қаласының сағаты бойынша сағат 10:00-ден 13-00-ге дейін өткізіледі және тендер өткізген күні аяқталады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы 87142575610 және www.oblfin.kostanay.gov.kz  сайтында алуға болады.

Техникалық қолдау телефоны 8(7142)501887.