2021 жылғы 5 тамызда облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы

2021 жылғы 5  тамызда  облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді өткізеді.

Тендер – 2021 жылғы 5 тамызда, сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді.

Облыстық коммуналдық меншік объектісін беру «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

ТЕНДЕР

Обьектілердің сипаттамасы

      Кадастрлық нөмірі -12-181-001-940, мақсатты пайдалануымен – гараж бен шеберханаға қызмет көрсету үшін,  жалпы алаңы 1,3937 гектар бөлінетін жер учаскесінде, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылы, Мирная көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 731,7 шаршы метр шеберхана және жалпы алаңы 690,6 шаршы метр гараж, баланс ұстаушы - «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Обьектілердің жағдайы: қанағаттанарлық.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна 15351 (он бес мың үш жүз елу бір) теңгені құрайды.

Тендер шарттары мен талаптары

  1. Қостанай облысы Қарасу ауданының аумағында орналасқан облыстық маңызы бар жолдарды ұстау бойынша жұмыстарды өткізу үшін қажетті мамандандырылған жол техникасын орнату және жөндеу үшін объектілерді пайдалану;
  2. Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мерзімі - 10 жыл;
  3. Қатысушыларға талаптар белгіленген жоқ.

 

Сыйақының көлемі

  1. Сенімгерлік басқарушыдан сыйақының шекті көлемін  90 % көлемінде белгілеу.

Шығындарды өтеу

         Олармен сенімгер басқаруды жүзеге асыру кезіңде сенімгер басқарушының қажетті шығындарын өтеу сенілген мүлікті пайдаланудан кірістер есебінен жүргізіледі.

 

Жеңімпазды анықтау критерийлері

Сыйақының ең төменгі (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан таза табысына пайыздық арақатынасында), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шектелген көлемінен аспайтын көлемін ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тендер немесе жабық тендер қатысушыларының сыйақы көлемі бірдей  (тең) болған жағдайда бұрын өтінімді тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың шотына тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде кепілдік жарнаның түспеуі және/немесе мемлекеттік кіпістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту және(немесе) төлемдерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер және салық берешегі бойынша берешек туралы мәліметтер тізілімнің веб-порталымен қатысушының өтінімдерін ауытқу үшін негіздемелері болып табылады.

 

Тендерді өткізу тәртібі

Тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында төмендегілерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте есеп айырысу шоттарының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

      Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерту кезінде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

       Тендер қатысушыларын хабарламаны жариялау күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған нысаны бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

      Тендер шарттарымен келісімі бар, өтінімге қоса беріліп отыр:

  • Тендер қатысушысы қол қойған, арнайы өткізілген тізілімнің веб-порталында электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс;

Жеңімпаздың және құрылтайшының міндеттемелерін, тендер талаптарында шарттарды жасауды және жеңімпаздың ұсыныстарын белгілейтін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға құрылтайшы және жеңімпаз тендерді өткізу күні қол қояды.

 Шартқа тізілімнің веб-порталында құрылтайшының басшысы  немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға және жеңімпаз ЭЦҚ  пайдалана отырып, тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде қол қойылады.

     Тендерге  қатысу үшін кепілдік жарна келесі шотқа енгізіледі:

     Кепілдік жарнаны алушысы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455; Есептеу шоты (IBAN/ИИК) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ: KZ946017111000000330;   БСН: 050540004455. БИК: HSBKKZKX;  КНП: 171; Кбе: 16.

     Тендерқатысушыларын тіркеу хабарламаны жариялаған күнінен бастап жүргізіледі және тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде аяқталады.

     Тендер Нұр-Сұлтан қаласының сағаты бойынша сағат 10:00-ден 13-00-ге дейін өткізіледі және тендер өткізген күні аяқталады.

     Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы 87142575610 және www.oblfin.kostanay.gov.kz  сайтында алуға болады.

     Техникалық қолдау телефоны 8(7142)501887