Қостанай облысында халық санағын өткізудің дайындық кезеңі басталды

Қостанай облысында халық санағын өткізудің дайындық кезеңі басталды

1 маусымда Ұлттық халық санағының бірінші дайындық кезеңі басталды және ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

265 интервьюер Қостанай облысының елді мекендерін аралауды бастады-бұл 320 мыңнан астам тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, оның ішінде 1205 саяжай қоғамы.

Интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстар мекенжайларын, сондай-ақ олардағы тұратын халықтың нақты санын нақтылайды.

Бірінші кезең қорытындылары өңірдің әрбір елді мекенінің аумақтарын нұсқаушы және есептеуіш учаскелерге бөлу және санақ персоналына жүктеме нормаларына сәйкес халық санын біркелкі бөлу үшін қажет.

Интервьюерлердің жабдықталуы және өзімен бірге арнайы атрибуттары болуы міндетті: халық санағының нышаны бар көк түсті портфель, планшет, сондай-ақ халық санағын жүргізу кезеңінде санақ персоналына берілетін интервьюер куәлігі. Куәлікте статистика органының қолы және мөрі қойылған интервьюердің фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның қолданылу мерзімі болуы тиіс. Интервьюердің деректерін куәлік нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады.

Ұлттық халық санағының негізгі кезеңі Қазақстанда 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін жүргізілетін болады.