Мемлекеттік қызметтің алдыңғы қатарындағы жас мамандар

Мемлекеттік қызметтің алдыңғы қатарындағы жас мамандар

Бүгінде жас әрі мақсаткер кадрлар Қазақстанның мемлекеттік қызметінің жаңа келбетін – ашықтыққа, тиімділікке және адам мүддесіне бағдарланған болып  қалыптастыруда. Басқармада салыстырмалы түрде еңбек өтілі аз болғанына қарамастан, жоғары нәтижелер көрсетіп, заманауи жұмыс мәдениетінің үлгісін қалыптастырып жүрген жас мамандардың мықты командасы қалыптасты.

Қысқа уақыт ішінде Байкадамова Асем Басқарманың негізгі қызметкерлерінің біріне айналды. Ол қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады, ал әріптестері оның ашықтығы мен ізгі ниетін әрдайым ерекше атап өтеді. Қарым-қатынас жасау дағдыларының жоғары болуы Асемге ұжымға нақты пайда әкелетін тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді.

Асем адалдық пен адамдарға деген терең құрмет сияқты жоғары адамгершілік қағидаттарын ұстанады. Ол мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – қоғам мүддесіне қызмет ету деп есептейді. Осындай ұстаным оның әріптестерімен де, азаматтармен де сенімді қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.

Жұмыстан тыс уақытта Асем – төрт баланың аяулы анасы және ардақты жар. Бос уақытында ол ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақпен айналысады, бұл ойын стратегиялық ойлауды дамытуға және қызмет барысында туындайтын күрделі жағдайлардан тиімді шешім табуға көмектеседі.

Басқарма құрылымында жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындармен және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Акбала Нурлановна Нагашибаева маңызды орын алады. Мемлекеттік қызметке 2022 жылы келгеннен кейін Акбала Нурлановна қысқа уақыт ішінде өзін білікті әрі жауапты басшы ретінде көрсете білді. Оның басшылығымен бөлім мемлекеттік активтерді басқару бойынша күрделі міндеттерді табысты орындап, ашықтық пен жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді.

Сондай-ақ нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімі де қарқынды дамуда. Бұл бөлімде 2024 жылдан бастап бас маман Данияр Маратович Козбаков еңбек етеді. Данияр заманауи мемлекеттік қызметші аналитикалық ойлау қабілетіне және әрбір іске мұқият қарау қасиетіне ие болуы тиіс екенін өзінің күнделікті жұмысымен дәлелдеп келеді. Оның қызметі жергілікті бюджет қаражаты, даму трансферттері және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалар мен күрделі жөндеу нысандарын қаржыландыру мәселелерімен тығыз байланысты.

Асем, Акбала және Данияр сияқты мамандар жастық шақтың үлкен мүмкіндіктер мен жоғары жауапкершілік кезеңі екенін дәлелдейді. Олардың күнделікті еңбегі азаматтардың нақты мәселелерін шешуге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің ашық, икемді әрі тиімді болуына ықпал етеді.

Алдағы уақытта осындай мақсатшыл әрі кәсіби жас мамандардың жаңа буыны Қазақстанның мемлекеттік қызметінің келбетін одан әрі жаңғыртып, оны халыққа барынша қолжетімді әрі адамға бағдарланған жүйеге айналдырады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.