
18 наурыз күні Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінде «Конституция – қоғамдық келісімнің платформасы» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті.
Жиынға қатысушылар жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін ел Парламентіне бірқатар конституциялық заңдарды қабылдау қажеттігін атап өтті. Соның ішінде Қазақстанның жоғары консультативтік органы болатын «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы Конституциялық заң бар.
Аталған жаңа қоғамдық-конституциялық институтқа Конституцияның 70 және 71-баптары арналған. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларының сабақтастығын сақтай отырып, консультативтік құрылымдардың тәжірибесін біріктіретін жаңа мемлекеттік органға айналуы тиіс.
Сондай-ақ, Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі заң шығару бастамасы құқығының берілуі арқылы айтарлықтай күшейетіні атап өтілді.
Сарапшылар мұндай конституциялық, сонымен қатар қоғамдық органды құру билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты жалғастырып қана қоймай, бұл өзара іс-қимылды жаңа сапалы деңгейге көтеретінін атап өтті.