Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

2026 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді. Іс-шараға әдеп жөніндегі өкілдері, комплаенс-қызметтерінің өкілдері және Қостанай облысы әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты.

 Кеңестің мақсаты жүйелік және кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын қалыптастыру болды. Қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының нормалары жеткізілді. 

Департамент басшысы Е. Салықбаев мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ерекше назар мыналарға аудару керек екенін белгіледі:

  • азаматтарға олардың құқықтары туралы атаулы ақпараттандыруды дамыту;
  • заңнаманы қарапайым және түсінікті тілде түсіндіру;  
  • белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңды фактілер бойынша автоматтандырылған хабарландыруларды қоса алғанда, заманауи цифрлық шешімдерді қолдану.

Осы кеңеске Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының қызметкерлері қатысты.