2025 жылғы 1 шілден бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың 32 жолданымы келіп түсті, оның ішінде:
арыздар – 19,
шағымдар – 2,
басқасы (хабар, сұрау салу, ұсыныстар) – 11.
Басқармада барлығы 26 жолданым қаралды, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
авторға жауап беру – 7,
қолайлы әкімшілік акт қабылдау – 8,
ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылдау – 4,
қараусыз есептен шығару – 0,
қаралуын тоқтату – 3,
назарға алу – 0,
телнұсқа ретінде белгі қойылды – 4.
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға жіберілген өтініштер - 5, қаралуда – 2.
Жолданымдар сипаты бойынша негізінен мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша келіп түсті.
Көрсетілген кезең аралығында қайталама жолданымдар болған жоқ.
Басқарма басшылығының жеке қабылдауында арыз берушілер болған жоқ.