«Мәңгілік ел» тұжырымдамасы

«Мәңгілік ел» тұжырымдамасы

«Мәңгілік ел» тұжырымдамасы

 

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тарихындағы мүлдем   жаңа ұлттық идея негізін салған «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын баяндады.

Шын мәнінде, бұл біздің мемлекетіміздің ұлттық идеясы және мемлекеттік идеологиясы – ол халқымыздың сан ғасырлық арманы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы дамуының нақтылы нәтижелеріне негізделген.  Жаһандану жағдайында ұлттық идеяныңбіріктіруші рөлі көбінесе полиэтникалық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, еліміздің 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына енуіне байланысты.Жаһанданған (ауыспалы) әлемде ұлттық идея әсіресе қажет, өйткені ол этностарды, елді шоғырландыра білуге  қабілетті.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру Тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген:

Бірінші: Дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру. Сирек-жер металлдарын,олардың маңыздылығын ескере отырып,электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар  сияқты ғылымды қажетсінетін салалар үшінигерудің ауқымын ұлғайту қажет. Бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардыңтиісті заңнамаларын жеңілдете отырып,инвестициясын тартқан жөн.

Екінші: Агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық рельстерге көшіруді қамтамасыз ету. Шағын және орта бизнессті қолдау.

Жер бетінде ең алдымен, жаңа технологиялар енгізетін және өнімділікті үздіксіз арттырып отыратын, әлемдік үздік стандарттар негізінде жұмыс істейтіндер істеуі тиіс.

Үшінші: Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру.

Төртінші: Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканыңсерпінді дамуын қамтамасыз ету.

Бесінші: Шағын және орта бизнесті дамыту – міне, бұл Қазақстанды ХХІ ғасырда индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудыңбасты құралы.

Алтыншы: ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз –бұл белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.

Жетінші:Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.

30 дамыған елдердің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдени  ахуал қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылындажаңартылған тәсілдер керек. Заң алдындағы теңдік құқықтық тәртіптің нақты негізіне айналуы тиіс. Сот жүйесі тәжірибе жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуы қажет.