ҚР СИМ Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Тұтынушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттың болмауы бойынша тұтынушылар жүгінеді.
Тұтынушы тауарды өткізу орнында дүкенге барған кезде тауарларды қазақ және орыс тілдерінде сату кезінде қажетті көрнекі ақпарат: сатушының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің байланыс деректері, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін оларға жүгіну құқығы туралы ақпарат болмаған.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент белгілеген мерзімде берілген нұсқама жойылды.
Сауда қызметін жүзеге асыратын, қызмет көрсететін жұмыс жасайтын
кәсіпкерлік субъектілері нені білуі қажет
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-2-бабына сәйкес Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
Электрондық коммерция арқылы тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығын көрсету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы орналастырылуға тиіс.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) пайдаланатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпараттың орналастырылуы міндетті.