
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2024 жылы Қарасу ауданы Қарамырза ауылының аумағына Центральная, Набережная және Комсомольская көшелеріндегі автожолдарға орташа жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлінді.
Жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 3,42 км құрайды.
Жобаны іске асыру ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.