
Ауылымызда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аясында маңызды шара өтті. Мектеп оқушыларымен бірлесіп, ауыл аумағында 40 түп қарағай көшеті отырғызылды.
Бұл игі іс табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жақсартуға және жас ұрпақты еңбекке, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулуға бағытталған.
Барша қатысушыларға белсенділігі мен үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!