Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара

Новопавлов ауылында Наурыз мерекесі кең көлемде және жоғары деңгейде атап өтілді. Іс-шара ұлттық ойындармен басталып, ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Қонақтарға наурыз көже ұсынылып, ақ бата берілді. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, өнерлі жастар мен тұрғындардың қатысуымен өтті. Шара ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және ауыл бірлігін нығайтуға ықпал етті.