23 шілдеде аудан әкімі Қайрат Темірханұлы Оспанов Новопавловка ауылының тұрғындарымен кездесті.
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары, абаттандыру жұмыстарының нәтижелері жарияланды, бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды және тұрмыстағы алаяқтық және өрт қауіпсіздігі жағдайларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға түсініктеме беріліп, «алкогольсіз ауыл» тәжірибесіне шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.