Құрметті Люблин ауылдық округінің тұрғындары!
"Люблин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі халықты ақпараттандыру жұмыстары аясында Қостанай облысы Әділет департаменті "ИС ӘЕ-заң көмегі" QR-кодын және халық арасында сауалнама жүргізуді ұсынатынын хабарлайды.
ИС "Е-заң көмегі" – бұл халыққа онлайн режимде білікті заң көмегін қамтамасыз ететін құқықтық қызметтер көрсету мен алу платформасы болып табылатын бірыңғай ақпараттық жүйе.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегінің бір түрі – құқықтық көмек көрсету.
Ол келесі түрлерге бөлінеді: құқықтық ақпарат беру, кеңес беру және өкілдік ету.
Құқықтық кеңес түріндегі заң көмегін адвокаттар мен заң консультанттары келесі тұлғаларға көрсетеді:
- алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша, ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған тұлғаларға;
- жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актілері немесе азаптаулар құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша;
- асыраушысынан айырылу салдарынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
- денсаулыққа зақым келтіру, жұмысқа байланысты немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша;
- кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ мәселелер бойынша көп балалы отбасыларға;
- кедейлік шегінен төмен табысы бар аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) кәсіпкерлік қызметке қатысты емес мәселелер бойынша.
--