
Екінші жартыжылдыққа арналған Жобалар картасын іске асыру және әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмысты жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21-тармағын орындау аясында 2025 жылгы 16 қазан Люблин жалпы білім беретін мектебі-де «Менің мамандығым мемлекеттік қызметші» жобасы аясында мектептің жоғары сынып оқушыларымен Люблин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Светлана Айдарқанқызы Савицкаямен кездесу өтті. Мемлекеттік қызметші балаларға мемлекеттік қызметшілер жұмысының негізгі функциялары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне конкурс қалай өткізілетіні туралы толық және қолжетімді түрде айтып берді. Балалар мемлекеттік қызметшілердің жұмысы туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, кездесу қызықты және жылы өтті.