Ауылшаруашылық жануарларының иелеріне назар аударыңыз!

Ауылшаруашылық жануарларының иелеріне назар аударыңыз!

Құрметті Қарасу және Восток ауылдарының тұрғындары!

Қарасу ауылдық округінің әкімдігі 2025 жылғы 1 мамырдан бастап ауыл шаруашылығы малдарын ұйымдастырылған жайылымға шығару басталатынын хабарлайды.

Малдарды қоғамдық табынға қоспас бұрын, барлық қажетті ветеринариялық шаралардан өту міндетті, атап айтқанда:

малдарды ветеринариялық тексеруден өткізу,

екпе (вакцинация) жасау,

бруцеллезге қан тапсыру.

Аталған шараларға қатысты сұрақтар бойынша ветеринариялық станцияға келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 21-3-38.