МӘМС бойынша сақтандырылғандар мәртебесін жоғалтудан қорғалады

МӘМС бойынша сақтандырылғандар мәртебесін жоғалтудан қорғалады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін реформалау стратегиялық басымдық болып табылады, деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры Лаззат Шоманова. Негізгі жаңалықтардың қатарында-тұрақты жарналар шартымен сақтандырылушы мәртебесін сақтау мерзімін 3 айдан 6 айға дейін ұзарту және медициналық қызметтердің сапасы мен денсаулық сақтаудағы қаржылық қызметтің ашықтығына бақылауды күшейту.