Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқудан өте алады

Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқудан өте алады

Инновациялық технологиялар паркі Skillbox, Udacity және Яндекс Практикум Lerna платформасымен бірлесіп қазақстандықтар үшін жасанды интеллект негіздері бойынша тегін курстар әзірледі. Олар орыс және қазақ тілдерінде қол жетімді. Оқуға қол жеткізу үшін Astana Hub қосымшасын жүктеу қажет. AI movement арнайы бөлімінде барлық ақпарат пен сілтемелер бар. Қазақстандықтар қызығушылық танытатын курсты таңдап, оқудан өтіп, сертификат ала алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында "Инновациялық технологиялар паркі" АКФ басқарушы директоры Валерия Те мәлімдеді.