Кәсіптік оқытудан Қазақстан Республикасының азаматтары мен жұмыссыздар қатарындағы қандастар екі жыл ішінде бір рет өте алады
Кәсіптік оқыту жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу және біліктілікті арттыру мақсатында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтиды.
Кәсіптік оқыту келесілерге жүргізіледі:
Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына, ал ауылдық жерлерде – кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне жүгіну қажет.
Кәсіптік оқытудан өтетін азаматтар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен не жалақымен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша елді мекендерден тыс білім беру ұйымдарында оқитын адамдарға тұруға материалдық көмек (тұрғын үйді жалдау бойынша шығындарды өтеу) көрсетіледі.
Кәсіптік оқытуға жіберу үшін мыналарды ұсыну қажет:
Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс беруші әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмыссыздарды белгіленген мерзімге жұмыс орнына орналастырады:
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ