
Жүздеген адамдар қыстың келуін және су айдындарында мұздың қатуын асыға күтеді, алайда кейбіреулер толық қатпаған мұзға шығып, өз өмірлерін қатерге тігеді.
Қарасу ауданының ТЖБ ескертеді: мұз үстінде болған кезде төмендегілерге жол берілмейді:
- Жұқа, толық қатпаған мұз учаскелеріне шығу;
- Топтасып жиналу;
- Жарықтар мен ойықтарға (ашық су жерлеріне) жақындау;
- Көлік құралдарымен өткелдерден тыс жерлерге шығу;
- Қараңғы уақытта немесе көріну нашар болған жағдайда мұзға шығу.
Мұз астынан балық аулау кезінде тыйым салынады:
- Шектеулі аумақта екіден артық ойық (тесік) бұрғылау;
- От жағу.
Балық аулау жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі: ысқырық, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 мм және ұзындығы 12 м арқан, ұзындығы 2 м таяқ, су өткізбейтін қаптағы ұялы телефон.
Құрметті ата-аналар! Балалардың су айдындары маңында бақылаусыз жүруіне жол бермеңіздер және мұзға шығудың өлімге әкелетін қауіпті екенін түсіндіріңіздер.