Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мынадай акциялардың өткізілгені туралы хабарлайды:
Акция еліміздің барлық аумағында 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.
Акция тоқсан сайын өткізілетін болады:
1 кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;
2 кезең: үшінші тоқсанда;
3 кезең: төртінші тоқсанда.
Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет.