"ҚР АШМ ВБ және СБ Қарасу ААИ" ММ ақпараттық хабарламасы

"ҚР АШМ ВБ және СБ Қарасу ААИ" ММ ақпараттық хабарламасы

Бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні Қазақстан Республикасының аумағына жоспарлы әкелу алдында жеке тұлға немесе заңды тұлға ветеринариялық инспекцияға алдағы әкелу туралы (7-15 күн бұрын) алдын ала жазбаша хабарлайды және бұл ретте барлық қажетті консультацияны алады.

Сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және асыл тұқымды ірі қара малдың импортына рұқсат алу үшін ветеринариялық инспекцияға жүгінген кезде оның үлгісін растау үшін асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған балама құжаттың көшірмесін Республикалық палатаға жолдасын.

Ветеринариялық инспекция Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін әкелінген бақылаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантиндеу, сою, өткізу немесе кері әкету туралы шешім қабылдайды.

ҚР ветеринариялық инспекциясының мекенжайы Қостанай облысы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 66.кабинет 21. Тел. 8(71452) 22-0-42

ҚР АШМ ОАК және Ұ Қарасу ААИ басшысы Е. Таукеев