Импорттаушылардың назарына!

Импорттаушылардың назарына!

Тауарлардың импортын жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығымен бекітілген сатып алған тауарлардың құның айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төмеен деңгейін қолдану қағидаларына сәйкес, яғни тауарлардың белгілі бір топтарының импорты белгіленген ең төменгі баға деңгейінен (БТД) төмен емес бағалар бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкіндігін ескеру қажет.

Егер импорттаушы мәлімдеген тауардың құны БТД-нің белгіленген мөлшерінен төмен болса, онда ҚҚС есептеу БТД-де көзделген құннан жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен, 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында тауардың әрбір түріне БТД есептейді және жариялайды.

БТД жыл сайын 1 (бірінші) қантардан 31 (отыз бірінші) наурызға дейін, 1 (бірінші) сәуірден 30 (отызыншы) маусымға дейін, 1 (бірінші) шілдеден 30 (отызыншы) қыркүйекке дейін және 1 (бірінші) қазаннан 31 (отыз бірінші) желтоқсанға дейін қолданылады.

 

Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі

 

р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды*

Тауардың атауы

1

2

3

1

2207 10 000 0

спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті

2

2208 20 120 0

сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac)

3

2208 60 110 0

сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ

4

2208 90 990 0

сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті

5

0407 21 000 0

құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus)

6

1101 00 150

жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны

7

1001 19 000 0

қатты бидай, өзгелері

8

1001 99 000 0

бидай, өзгелері

9

1512 19 900 2

өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада

10

2102 10 310 0

белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ

11

2102 10 390 0

белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері

 

Ескертпе:

 

*Ең төмен бағалар деңгейін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.