Жер қатынастары

Жер қатынастары

Жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Қарасу ауданы әкімдігінің 08.04.2022 жылғы № 59 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған Бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді. 

Жер қатынастары бөлімі өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңдары, Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары, жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) немесе жер учаскесін жалға алу құқығын, оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары болып табылады.

  1. Бөлімнің 02.05.2024 жылдан 20.05.2024 жылға дейінгі кезеңдегі ағымдағы қызметі:

Бөлім 6 мемлекеттік қызметті қарады, оның біреуі дәлелді бас тарту болды:

  1. Сауда - саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу - 2 қызмет, оның ішінде дәлелді бас тартулар - 1
  2. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту - 2 қызмет
  3. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру - 2 қызмет

16 мамырда жер комиссиясының отырысы өткізілді, онда жеке қосалқы шаруашылыққа жер учаскелеріне құқық алуға 2 өтініш қаралды. 1 өтініш бойынша  комиссияның теріс қорытындысы шығарылды.

Осы кезеңде 3 өтініш келіп түсті, оның біреуі құзыреті бойынша қайта жіберілді, екіншісі ҚР ӘРПК 70-бабының негізінде тоқтатылды, үшіншісі бойынша оң шешім шығарылды.

 12 жалдау шарты жасалды, сатып алу - сату шарттары - 0 

  1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі https://adilet.zan.kz/rus/docs/K030000442 .
  2. «Жайылымдар туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1700000047 .
  3. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары adilet.zan.kz›rus/docs/V2000021366
  4. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800018048
  5. «Мемлекеттік қызмет туралы» https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000416
  6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» adilet.zan.kz›rus/docs/Z1500000410
  7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі adilet.zan.kz›rus/docs/K2000000350
  8. «Мемлекеттік сатып алу туралы» https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000434
  9. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» adilet.zan.kz›rus/docs/Z010000148
  10. Жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын, оның ішінде электрондық түрде сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидалары https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100024803.
  11. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидалары adilet.zan.kz›rus/docs/V1500010871.

12.« Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

adilet.zan.kz›rus/docs/Z010000148

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» adilet.zan.kz›rus/docs/V1500012590.
  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.

      adilet.zan.kz›rus/docs/U1500000153.

 

 

«Қарасу ауданы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» ММ

басшысы                                                                                             Р. Салкенов