Қарасу ауданының әкімі Қарасу жалпы білім беретін мектебінде болды.

Қарасу ауданының әкімі Қарасу жалпы білім беретін мектебінде болды.

20 мамырда Қарасу ауылының ұжымдарымен және ұйымдарымен танысу аясында Қарасу жалпы білім беретін мектебіне барды.
Мектеп директоры Гаухар Арғынқазықызы білім берудің заманауи талаптарына жауап беретін жаңа модификация кабинеттерін көрсете отырып, мектеп бойынша экскурсия өткізді.Сондай-ақ, мектепте сапалы оқу процесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті.
"Музей педагогикасы"аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударылды.

Мектеп директоры оқушылардың жобалық-зерттеу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ шығармашылық және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған кіші жобалар туралы айтып берді.

📌 Мектепке бару жергілікті басқару ұйымдары мен білім беру мекемесі арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ біздің ауылда білім беру жүйесін дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.