Алкогольдік қылмысқа қарсы күрес: Қарасу ауданындағы прокуратураның, кәсіпкерлердің және полицияның дөңгелек үстелі

Алкогольдік қылмысқа қарсы күрес: Қарасу ауданындағы прокуратураның, кәсіпкерлердің және полицияның дөңгелек үстелі

Алкогольдік қылмысқа қарсы іс-қимыл*

Қарасу ауданының прокуратурасы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен полиция және салық органдары бөлімімен бірлесіп алкоголь өнімін өткізу мәселесі бойынша ауданның бизнес субъектілерін шақыра отырып, "дөңгелек үстел" өткізді.

Кәсіпкерлерге 21 жасқа дейінгі адамдарға спирттік ішімдіктерді сатқаны үшін әкімшілік заңнаманың талаптары, сондай-ақ заңда белгіленген уақытта алкогольді сатуға тыйым салу түсіндірілді.

Кеңеске қатысушылар алкогольдік қылмыстың алдын алу мақсатында алкогольді заңсыз сату бойынша бірлескен алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет деген пікір білдірді