2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға:
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.
Міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбеген жағдайда да туындайтынын ескеру қажет.
Осыған байланысты, іс жүзінде кәсіпкерлік қызмет болмаған кезде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне тартуды болдырмау үшін жыл соңына дейін мынадай іс-әрекеттерді жасауға кеңес береміз.
Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат «электрондық сервистер» - «бизнеске көмек» - «сенімсіз салық төлеушілердің тізімі» - «әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.