ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Достық» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
«Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Достық» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 68, тел. 8 (71452) 21-9-02.
Мемлекеттік мекеменің негiзгi қызметi: мәдени-бұқаралық, мерекелерді, ойын-сауық танымдық, демалыс кештерін өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (жалпы даму пәні бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер мен әдебиет бойынша педагогтерді даярлау) және / немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және / немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және / немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы); және мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Білуі тиіс: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексті; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;
ішкі еңбек тәртібінің ережесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Лауазымдық міндеттері: Мәдениет үйінің әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметін,жалпы басшылығын жүзеге асырады; Халықтың арасында мәдени-ағартушылық және бос уақытты ұйымдастырудың негізгі бағыттарының қызметін әзірлейді және оның орындалуын бақылайды;Мәдениет үйінің шығармашылық-өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын құрастырады;Мәдени-демалыс ұйымдарының жұмысын, барлық қызметкерлердің қызметін ұйымдастырады, атап айтқанда:сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары; шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыру;байқаулар мен фестивальдар, көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дайындауды және өткізуді; көркемөнерпаздар басшылар семинарлары, көрмелер және шығармашылық қызметтің басқа да нысандарын қамтамасыз етеді;көпшілікке театрландырылған мерекелер мен көріністер, халық серуендері, жергілікті әдет-ғұрыптарымен сәйкес салт-дәстүрлерлер;халықтың әр түрлі топтарының бос уақытын ұйымдастыру, оның ішінде демалу және би кештерін өткізу, дискотека, карнавалдарды, балалар мерекелерін, ойын және мәдени-ойын-сауық бағдарламаларын өткізу; халықтың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақылы қызметтер ұсыну; театрлардың, концерттік ұйымдардың гастрольдік және көшпелі іс-шараларын өткізу үшін, жасалған шарттарға сәйкес бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін сахналық алаңдарды ұсыну; өзіндік шығармашылық ұжыммен, сондай-ақ шақырылған орындаушылардың күшімен спектаклдер, концерттер, театр, ойын-сауық және көрме іс-шараларды өткізу; кинофильмдер және видеопрограммалар көрсету т.б.;тақырыптық кештер, шығармашылық кездесулер жүргізу;көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады; «Облыстық халық шығармашылығы және киновидеофонд орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ есеп беруді дайындау және есеп беру жұмыстарын қамтамасыз ету. Мәдениет үйін білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, атап айтқанда:шығармашылық және техникалық персоналмен еңбек шарттарын (келісім-шарттар) жасайды;қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды,көтермелейді, шығармашылық бастамасын ынталандырады;ұйым қызметкерлерімен өндірістік және еңбек тәртібінің талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды; мәдениет үйі қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолдану туралы, көтермелеу шараларын ұсыну бойынша шешімдер қабылдайды; Мемлекеттік мекемеге тиесілі мүліктің тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету.Өзіне ұсынылған өкілеттіктері шегінде Мәдениет үйі қызметінің қаржылық және материалдық мәселелерін шешеді, атап айтқанда:мекемені қажетті технологиялық, инженерлік жабдықтармен, құрал-саймандармен, материалдармен және оларды пайдалануына бақылау жүргізеді және жарақтандыруды қамтамасыз етеді;мәдениет үйлері мен жабдықтарын, үй–жайларын ғимараттарды, құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеуді уақытында ұйымдастырады; әр түрлі азаматтық-құқықтық шарттар үшін қажетті шарттарын белгілейді және жасайды, Мәдениет үйінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мәдениет үйіне келушілерге және клиенттерге қызметтерді көрсетумен байланысты, соның ішінде шағымдар мен талаптарды қарастырады, көрсетілген қызмет сапасымен байланысты барлық мәселелерді шешеді.Жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырады.
Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін директор лауазымына кандидат:
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйырығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң мына мекенжай бойынша аяқталады: Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 68 (2 қабат), 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 21-3-73, эл.адрес karasukultura@mail.ru
Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 68 мекенжайы бойынша Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде сұхбаттасудан өтеді.
«Қарасу ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» ММ