Қоғамдық бақылау

Қоғамдық бақылау

2023 жылғы 30 наурызда «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус қарастырылған, қызметкерді шақыру түймесі, Брайль шрифті бар маңдайшалар, тактильді сызықтар бар. Бекітілген маманмен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Сондай-ақ, бұл бөлімде мемлекеттік және орыс тілдерінде Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері бар ақпараттық стендтер орнатылған.

Қызметкерлерге жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мәліметтер толық көлемде беріледі.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.