«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң

2022 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысы прокуратура органдарының заңдылығын арттыру және құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту мақсатында әзірленген «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға салтанатты түрде қол қойды.

Қол қойылған Конституциялық заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы тапсырмасын орындаудың нәтижесі болып табылатынын атап өткен жөн.

Бас прокуратура мемлекет атынан Заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады - бұл қоғамда және мемлекетте заңдылыққа қол жеткізу прокуратураның барлық жұмысының негізгі және басты мақсаты болып табылатынын білдіреді. Сондықтан жоғары қадағалау заңдылықты сақтаудың тиімді құралы ретінде конституциялық мәртебесі бар заңмен қамтамасыз етілуі керек.

Қол қойылған Конституциялық заң пәрменді құралдарды, қадағалау тетіктерін көздейді және барынша жүйеленген болып табылады.

Осылайша, прокуратура органдарының жүйесі бекітілді, оған: Бас прокуратура, ведомство (құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті), білім беру ұйымы (құқық қорғау органдарының академиясы), әскери және көлік прокуратурасының, облыстардың прокуратурасының органдары және оларға теңестірілген прокуратуралар, аудандық прокуратуралар және оларға теңестірілген прокуратуралар кіреді.

Сонымен қатар, Бас прокурордың өтініш жасау құқығын бекітетін новелла қарастырылған:

- Конституциялық сотқа Конституцияның 72-бабының 4-тармағына сәйкес;

- Жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша соттарға түсініктеме беру туралы ұсынысы.

Конституциялық Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін тиімді сақтауға ықпал ететін болады.

Осыған байланысты, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң Мемлекет басшысының прокуратураның тиімді қызметін қамтамасыз ету және оның елдегі заңдылықты сақтаудағы конституциялық рөлін күшейту жөніндегі алға қойған міндеттеріне толық жауап береді.

 

Қарасу аудан прокуратурасы