Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледі.
Қазақстан аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) анықтайды.
Қағидалардың 51-тармағында энергетикалық компания электр энергиясын жеткізуді толығымен немесе ішінара тоқтатуға құқылы жағдайлар анықталады, оларға мыналар жатады:
Энергетикалық кәсіпорын тарапынан тұтынушыны электр энергиясын жеткізуде алдағы шектеулер туралы тиісті түрде хабарлауға көп көңіл бөлінеді. Қағидаларда энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатқанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күн бұрын хабарлама жіберуге міндетті екендігі көрсетілген. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын тұтынушылар үшін хабарлама мерзімі шектеулер қойылғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
Электр энергиясын алдын-ала ескертусіз толық тоқтатуға келесі жағдайларда жол беріледі:
Барлық мәселелер бойынша тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 ғимарат, 219-кабинет мекен-жайы бойынша немесе 8-(7142)-50-02-60 телефонына жүгіне алады.