"Қоғамдағы өрт пен сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін"

"Қоғамдағы өрт пен сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін нормативтік актілерді қабылдау жеткіліксіз. Сондықтан азаматтық қоғамның белсенді қатысуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халық арасында білім деңгейін арттыру қажет.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қарасу ауданының ТЖБ басшысы А.А. Утарбаеваның және Қарасу ауданының статистика басқармасы мамандарының қатысуымен "Дөңгелек үстел" өткізілді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде "Қазақстан Республикасының 2021 жылғы ұлттық халық санағы барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді ақпараттандыру және насихаттау туралы", "Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы"мәселелері қаралды. Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, оның ішінде алдағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттауда халықпен бірлесіп жұмыс істеу үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы ақпарат жеткізілді.

Қарасу ауданының ТЖБ қоғамда өрт және сыбайлас жемқорлық қаупін тек әрбір азаматтың қатысуымен ғана жоюға болатындығын ескертеді!

 

Қарасу ауданының ТЖБ
Бас мамыны
А.Е. Зейноллин