Электр энергиясын тұтынушылар үшін ақпарат Қостанай облысы

Электр энергиясын тұтынушылар үшін ақпарат Қостанай облысы

Электр энергиясын тұтынушылар үшін ақпарат

Қостанай облысы

 

2020 жылғы 24 ақпанда «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы                     06 ақпандағы № 43 бұйрығы күшіне енді, ол электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) қатысты түзетулерді бекітті.

Тұтынушылардың назарына Қағидалардың 51-тармағында қабылданған түзетулерге сәйкес энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мынадай жағдайларда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтататынын жеткіземіз:

  • энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;
  • электрмен жабдықтау шартында белгіленген электрді тұтыну режимі бұзылғанда;
  • энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның осы Қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы талабы белгіленген мерзімде орындалмағанда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.

Осылайша, электр энергиясы бойынша кем дегенде 1 теңге берешегі бар тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылады және қайта қосу үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді.

Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (шектеуге) дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын мерзімде тұтынушыны (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыны - кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша ескерте отырып (хабарлама беру жолымен) немесе тұтынушыларға тұтынушының шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) хабарлама жіберу арқылы электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (шектеуге) өтінімді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жібереді.

Бұрын, осы Ережелерге сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының өшірілгені туралы хабарламамен танысқандығы туралы жазбаша растау алуы тиіс болатын, енді жоғарыда көрсетілген тәсілдермен хабарлама жіберуді тіркеу ғана қажет.

Қағидалардың 58-тармағының жаңа редакциясына сәйкес, электрмен жабдықтау шартының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес Тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысуды энергиямен жабдықтаушы ұйым қағаз тасығышта жазып берген төлем құжаты бойынша (оның ішінде бірыңғай төлем құжатының құрамында) не «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректердің құпиялылығын қорғауды сақтай отырып, энергиямен жабдықтаушы ұйымның немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымының интернет-ресурсында орналастыру құралдары бойынша электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары немесе тұтынудың өзге де есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізеді.

Төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурс, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы жеткізеді.

Төлем құжатын тек интернет-ресурс арқылы немесе шарт акцептінде Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, бірыңғай есеп айырысу ұйымына алуға жол беріледі.

Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Электрмен жабдықтаудан қосу (ажырату) бөлігінде туындайтын тұтынушылардың құқықтарын бұзудың барлық мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не 8(7142) 50-02-60 телефоны бойынша жүгіну немесе электрондық үкімет порталы арқылы жазбаша өтініш жолдауға болады.