"Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-дегі қоғамдық мониторинг

"Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-дегі қоғамдық мониторинг

2021 жылдың 28 мамырында "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-де қоғамдық мониторинг өткізілді.

Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылған. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус қарастырылған, қызметкерді шақыру батырмасы, браэль шрифті бар маңдайшалар бар. Бекітілген маманмен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

Бөлім қызметкерлеріне жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мәліметтер толық көлемде беріледі.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.