Қостанай облысының барлық ауылдық округтерінде жаңа фронт-офистер ашылды

Қостанай облысының барлық ауылдық округтерінде жаңа фронт-офистер ашылды

Қарасу ауданының Октябрьское ауылы халық тығыздығы бойынша аудан орталығынан кейінгі екінші ауыл болып табылады, мұнда 4 мыңнан астам адам тұрады, олардың басым бөлігі экономикалық белсенді, әрқайсысы қандай да бір жолмен мемлекеттік қызмет алады.

Кезекті кеңсенің ашылуына Қарасу ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов аудан әкімі Виктор Радченкомен бірге қатысты. Олардың қатысуымен Октябрьское ауылында «Oktabr – komek alany» фронт- кеңсесі ашылды, онда ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары жұмысқа кірісіп кеткен.

Данияр Смағұловтың айтуынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімдігімен және «Qostanai – adaldyq alany» жобалық кеңсесімен бірлесіп, жақын арада облыстың қалалары мен аудандарының барлық ірі ауылдық округтерінде осындай фронт-офистер ашатын болады, онда әрбір азамат қажетті қызметті «біртерезе» қағидаты бойынша ала алады, сондай-ақ мамандардың консультациялық көмегіне жүгіне алады, келушілер үшін күту аймақтары ұйымдастырылған, интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасайды».

Бағдарлама аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді. Мәселені шешуге көмек сұрап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасарына және Қарасу ауданының әкіміне екі адам жазылды. Мәселелер жалақыны көтеруге және тұрғын үй бөлу бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты болды. Спикерлердің айтуынша, барлық мәселелер егжей-тегжейлі зерделеніп, барынша қысқа мерзімде шешілетін болады.

Соңында Виктор Радченко аталған жұмыс одан әрі жетілдіріліп, жақын арада фронт-офистер өңірдің ең шалғай ауылдарында қолжетімді болатынын атап өтті.