"Қарасу көмек алаңы" фронт-офисінде қоғамдық мониторинг жүргізілді

"Қарасу көмек алаңы" фронт-офисінде қоғамдық мониторинг жүргізілді

2021 жылдың 31 наурызында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының» Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Қарасу аудандық бөлімінде қоғамдық мониторинг жүргізілді.

ХҚКО ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған пандус қарастырылған, қызметкерді шақыру түймесі, Браэль шрифті бар маңдайшалар, еденде тактильді тақтайшалар бар. ХҚКО дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ғимарат қанағаттанарлық жағдайда. Келушілерге ыңғайлы болу үшін электрондық кезек жұмыс істейді, қызмет көрсетудің "кедергісіз" қағидаты көзделген, күтуге арналған қосымша орындар орнатылған, 3 кондиционер жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету үшін 3 бұрышы бар.

Электрондық үкімет порталын пайдалану жөніндегі Нұсқаулық «E.gov» көрнекті жерде ақпараттық стендтер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері кітабы орналастырылған, ХҚКО-да қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі.

ХҚО қызметкерлеріне жүгінген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша түсініктемелер толық көлемде беріледі.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.