Аудандағы су тасқыны жағдайы туралы.

Аудандағы су тасқыны жағдайы туралы.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес Қарасу ауданы бойынша 2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша қардың биіктігі 27 см. (2020 ж. - 26 см.) нормада 22 см. қардың тығыздығы 0,34 г/см. куб., қардағы су қоры 92 мм. (2020 ж. - 131 мм.) нормада 78 мм.

Көктемгі кезеңде судың көтерілуі және Қарасу, Тюнтюгур және Құндыз өзендерінің жағалауларынан шығуы жоғары қауіптің жыл сайынғы көзі болып табылады, оның соңғы бағыты "Тюнтюгур ойпаты", Қарасу ауданының көлдері болып табылады.

Судың көтерілуіне мониторинг жүргізу мақсатында су объектілерінде гидробекеттердің орналасу орындары анықталды.

Аудан аумағында көктемгі су тасқынынан қауіпсіз өту іс-шараларының жоспарына сәйкес, аудан әкімінің резервінен көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алуға және жоюға қаражат бөлінді, ЖЖМ , инертті материалдар, қаптар дайындалды.

Халықты, оның ішінде жануарларды уақытша орналастыру орындарында шұғыл эвакуациялау үшін су басуы мүмкін аймақтарда орналасқан адамдардың тізімі түзетілді.

"Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай басейн инспекциясы" РММ су ресурстарын қорғау бөлімімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар Қарасу ауданының 13 гидротехникалық ғимаратына комиссиялық тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша 11 ГТҚ қанағаттанарлық баға көрсетті, 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасымен жұмыстар көзделген Степное, Октябрьское ауылдарында 2 ГТҚ қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр, атап айтқанда, Степное ауылындағы ГТҚ қайта құру және Октябрьское ауылындағы Тюнтюгур өзеніндегі су қоймасының екінші шегін қалпына келтіру.

Республикалық маңызы бар автожолдарда, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда орналасқан 33 құбырдың 22-сін тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді (100%).

20-24 наурыз аралығында Қарасу ауданының өзендерінде Қарасу, Восток, Зеленовка, Белозерка, Октябрьское, Железнодорожное, Қарамырза, Новоселовка елді мекендерінің маңында кептелістің алдын алу үшін мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда іс-қимылдарға қатысты аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында жадынамалар таратыла отырып, аулаларды аралау жүргізілді.

Су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін инженерлік және арнайы техникасы бар аудандық шұғыл әрекет ету жасағының техникасы мен жеке құрамы жұмылдырылатын болады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "101", "112" телефондарына хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін).

 


Бас маман

Қарасу ауданының ТЖБ

Зейноллин, А.