Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 31 наурызда Қостанай облысында COVID-19-дың 37 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,27 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 22 тұрғыны, Әулиекөл және Алтынсарин аудандарында 5-ден, Қарасу ауданында- 2, Денисов, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1-ден.

33 адам өздігінен жүгінген кезде, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 наурыз аралығында COVID-19-дың 13821 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12293.