Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 30 наурзада Қостанай облысында COVID-19-дың 37 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,27 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 18 тұрғыны, Әулиекөл ауданында -4, Лисаковск қ., Алтынсарин және Сарыкөл аудандарында 3-ден, Рудный қ., Жітіқара және Қамысты аудандарында 2-ден.

21 адам өздігінен жүгінген кезде, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста, 8 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 30 наурыз аралығында COVID-19-дың 13 784 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12263.