Кезекте тұрғандар тізімін жыл сайын түгендеу жарияланды

Кезекте тұрғандар тізімін жыл сайын түгендеу жарияланды

Құрметті Қарасу ауданының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруде есепте тұрған тұрғындары!

"Қарасу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй бөлімі" ММ тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне жыл сайын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған кезектегілерді есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезектегілердің тізімдерін өзектендіру мақсатында түгендеу жүргізеді.

Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорация не портал арқылы жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms – хабарландыру арқылы хабардар етеді.

Анықтама телефоны 8 (71452) 22113, электрондық пошта арқылы karasu_zkx@mail.ru