КӨНІЛ АЙТУ

КӨНІЛ АЙТУ

Қарасу ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жармағамбетов Талғат Арыстанғалиұлы 42 жасында Қарасу ауданы Қарасу ауылында 2020 жылғы 8 желтоқсанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды. Қарасу ауданы әкімінің орынбасары қызметін 2017 жылғы 18 қазаннан бастап атқарды. Жұмыс барысында Талғат Арыстанғалиұлы өзін тек жағымды жағынан көрсете білді – сауатты және бастамашыл, мақсатты және кәсіби басшы болды.

Қарасу ауданының әкімі В.Н.Радченко, «Қарасу-Астық» ЖШС  кеңес төрағасының директоры А.Ж. Тұрсынов, Қарасу ауданының прокуроры Ж.Қ.Ербатыр, №1 қарасу аудандық сот төрағасы И.М.Дезиев, Қарасу ауданы полиция бөлімінің бастығы Е.М.Рахимов,  Қарасу ауданы МКБ басшысы М.А.Бейсенов, Қарасу ауданы ішкі қорғаныс бөлімі бастығы Ф.Б.Серипов, аудан әкімінің орынбасарлары Е.З. Балжақаев, Э.М. Мұханов, аудан әкімінің аппараты басшысы А.Д.Колмурзин, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері  Талғат Арыстанғалиұлы Жармағамбетовтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.