
19 қыркүйекте Қарасу ауданында world Cleanup Day — Дүниежүзілік тазалық күні Халықаралық экологиялық акциясы аясында жалпы аудандық сенбілік өткізілді.
Іс-шара "Таза Қазақстан"республикалық жобасы аясында өтті. Сенбілікке мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, еңбек ұжымдары, кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында қоғамдық аумақтарды, көшелер мен іргелес учаскелерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Бірлескен күш-жігермен қатысушылар ауданның елді мекендерін абаттандыруға және олардың тазалығын сақтауға үлес қосты.
Қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық тек сенбіліктермен шектелмеуі маңызды. Тәртіпті сақтау әр ауладан, көшеден және жұмыс орнынан басталады.
Таза Қазақстан әрқайсымыздан басталады. Таза Қарасу-біздің ортақ жауапкершілігіміз!