
Аудан әкімі Қ.Т. Оспановтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Қарасу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның бірлескен отырысы өтті.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Қостанай аудандық бөлімінің бастығы С.Н. Титаренко қатысты.
Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары басшыларының баяндамалары тыңдалды, ағымдағы ахуал талданып, одан әрі жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жетілдіруге, объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі Қ.Т. Оспанов жауапты мемлекеттік органдарға жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және қойылған міндеттерді сөзсіз орындауға бағытталған нақты тапсырмалар берді.