Абаттандыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді

Абаттандыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді

"Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында Қарасу ауданы прокурорының орынбасары А.М. Сабитовтың қатысуымен ауылдық елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кездесу барысында аудан әкімі К.Т. Оспанов елді мекендердің ағымдағы жай-күйін, санитарлық тазалау, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстау мәселелерін, сондай-ақ абаттандыру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қарастырды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды уақтылы шығару, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің болуы және аумақтарды күтіп ұстау ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі Қ. Т. Оспанов ауылдық округ әкімдеріне және жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берді. Елді мекендердің жай-күйін бақылауды күшейту, тәртіп орнату бойынша жұмысты жандандыру және абаттандыру мәселелеріне жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда болады.