Новопавловка ауылының тұрғындарымен кездесу

Новопавловка ауылының тұрғындарымен кездесу

Қарасу ауданының әкімі Қайрат Темірханұлы Оспанов жұмыс сапарымен Новопавловка ауылында болды.

Сапар барысында аудан әкімі Қ.Т. Оспанов ауылдық округтің жаңа әкімі — Саден Асқарұлы Қасеновті таныстырды. Аумақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ тұрғындармен тиімді және ашық өзара іс-қимыл жасауға бағытталған негізгі міндеттер айқындалды.

Аудан әкімі Қ. Т. Оспанов барлық бағыттар бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру және жергілікті маңызы бар мәселелердің шешілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.