№20982 әскери бөлімнің жеке құрамын шығарып салу салтанатты рәсімі өтті

№20982 әскери бөлімнің жеке құрамын шығарып салу салтанатты рәсімі өтті

Қарасу ауданында №20982 Есет батыр атындағы әскери бөлімнің (Ақтөбе қ.) жеке құрамын, сондай — ақ су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға белсенді қатысқан Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті-Жедел-құтқару жасағы мен Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап әскери қызметшілер, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тәртіптің, кәсібиліктің және жанқиярлықтың жоғары деңгейін көрсетті. Күрделілігі жоғары жағдайларда олар күштер мен құралдарды жедел өрістетуді қамтамасыз етті, қорғаныс құрылыстарын нығайтуға, елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтар мүлкінің сақталуына елеулі үлес қосты.

Аудан тұрғындарының атынан Есет батыр атындағы №20982 әскери бөлімнің қолбасшылығына, Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, Жедел-құтқару жасағының, сондай-ақ Қостанай қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшылығына және барлық жеке құрамға көрсеткен кәсібилігі, қызметтік борышына жауапкершілігі мен адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтылды.

Салтанатты рәсім аясында ерекше көзге түскен қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, олардың халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне жоғары баға берілді.

Төтенше жағдай кезінде көрсетілген тұрақтылық, ұйымшылдық және жедел ден қоюға дайындық мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторлары болып табылатыны атап өтілді.

Қатысушыларға зор денсаулық, амандық және қызметтік қызметте одан әрі табыстар тілелді.