
"2026 жылғы 15 Наурызды республикалық референдум өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына сәйкес сайлаушылар үшін Қарасу ауданы әкімдігінің жанынан Call-орталық ашылды.
Референдум өткізуге, қосуға және алып тастауға, сондай-ақ сайлаушылар тізімдерінде өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықтың 8 (71452) 21366 телефоны бойынша хабарласа аласыз.